Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шырағы
07.03.2019Аудандық орталық кітапхана М.Көкенов атындағы мәдениет үйінің фоейесінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шырағы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Кітап көрмесі 4 бөлімнен «Ана-ғұмыр» атты бөлімінде тәуелсіз еліміздің ұл-қыздарын тәрбиелеп, бойына ақыл мен төзім, іскерлік те дарытқан абзал жандар жайлы кітаптар, «Әйел – ана, әйел – басшы, әйел – кәсіпкер» атты бөлім ардақты аналар мен асыл әйел жандарға арналған, қоғам ісіне білек сыбана кірісіп, қиын қыстау кезде демеу болып жүрген ауданнан шыққан Сара Құсайынова, Әзия Қыстаубаева, Аягөз Айдосова, Күлән Әбілтанова, Айзада Сақтағанова жайлы деректері қойылды. «Мәдениет пен өнер ұлы болмайынша, ұлт ұлы болмайды» атты үшінші бөлімінде жерлес ақын-жазушыларымыздың қызықты шығармалары ұсынылды.