«Қазақстан — достық мекені» атты әдеби сазды кеш

29.04.2019 Выкл. Автор admin
«Қазақстан  — достық мекені» атты әдеби сазды кеш

29 сәуір күні Жаңақорған аудандық орталық кітапхана мен №110 мектептің  ұйымдастыруымен №110 мектеп-лицейде Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай  «Қазақстан  — достық мекені» атты әдеби сазды кеш өткізілді.

Шара барысында мектеп директоры Ә.Тәждинов мектеп  оқушылары мен ұстаздарды мерекемен құттықтап, оқушылар достық, бірлік туралы өлеңдер оқып, қазақ, өзбек, орыс, қырғыз халқының билерін билеп, әр ұлттың әндерін орындады.