«Тектіліктің дара тұлғасы» атты кітап көрмесі

24.04.2019 Выкл. Автор admin
«Тектіліктің дара тұлғасы» атты кітап көрмесі

24 сәуір күні аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Ордакент» ардагерлер, жастар орталығы үйі фойесінде, қоғам қайраткері Сейілбек Шаухамановтың 85 жылдығына орай «Тектіліктің дара тұлғасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінде аудандық кітапхана қорындағы Шаухамановтың өмірі мен еңбек жолдары туралы мерзімді басылымдар беттерінде жарияланған мақалалары мен кітаптары, сонымен қатар Хорезмнің құрметті азаматы, «Құрмет», «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі», «Халықтар достығы» орденінің иегері – секілді ел ықыласына бөленген белі беріш, қолы құрыш ағамыздың марапаттары мен жетістіктері көрмеде орын алды. Сондай-ақ көрмеге қойылған өзге де туындылар түрлі пішінде орналастырылды.