Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі

15.05.2019 Выкл. Автор admin
Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі

2019 жылдың 15 мамыр күні Бірлік ауылдық кітапханасында «Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі» атты ақпараттық сағат өткізілді. Мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту, оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.   Шараға қатысушыларды «Рухани жаңғыру – ұлттың жаңғыруы» атты кітап көрмесімен кітапханашы К.Сұлтанбаева  таныстырып өтіп, Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың мақаласындағы  бағдарламалар, міндеттер мен жобалардың өзектілігі жайлы ақпарат берді.

Кітапханашы жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты жайлы айтып өтіп,  оқушыларды жаңаша ойлап, жақсы мен жаманды саралап, заман талабына сай бейімделуге, жаңа заманның тарихын қалыптастыратын қайсар да өр, білімді де білікті, жоғары мәдениетке ие тұлға болуға талпынуға шақырды. Шараға қатысушылар Н.Назарбаевтың мақаласы аясында пікірлерін айтып,  ұлттық рух пен мәдени мұраның жаңғыруы туралы сөз етті.