«Тарихтан тағылым — өткенге тағзым» атты кітап көрмесі

24.05.2019 Выкл. Автор admin
«Тарихтан тағылым — өткенге тағзым» атты кітап көрмесі

2019 жылдың 24 мамыр күні Кейден ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен №208 орта мектепте Саяси қуғын–сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Тарихтан тағылым — өткенге тағзым» атты кітап көрмесі ұйымдастырды.

Көрменің мақсаты: Саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу. Олардың өмір жолдарымен оқырманды тереңірек таныстыру, өткен тарихымыздың тағылым ала отырып, бүгінгі ұрпаққа әр кітап арқылы өнегелі тәрбие беру, Отанын сүюге, елінің , жерінің адал потриоттары болуға баулу, олардың санасына тарихи шындықты жеткізу.

Көрмеге саяси қуғын – сүргін құрбандарының қайғылы тағдырын баяндайтын фотосуреттер, құжаттар, кітаптар қойылды.