Рухани жаңғыру-ұлттың жаңғыруы

15.05.2019 Выкл. Автор admin
Рухани жаңғыру-ұлттың жаңғыруы

15 мамыр күні Бірлік ауылдық кітапханасында Рухани жаңғыруды сипаттау жəне патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық қүндылықтарды жаңғырту, жас ұрпақтың бойында ұлттық сананы ояту мақсатында ақпараттық сағат өткізілді.

Кітапханашы К.Сұлтанбаева шараға қатысушыларды «Рухани жаңғыру-ұлттың жаңғыруы»- атты кітап көрмесімен таныстырып өтті. Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ə. Назарбаевтың мақаласындағы бағдарламалар, міндеттер мен жобалар жайлы ақпарат берілді. Кітапханашы жаңа тұрпатты жаңғырудың басты шарттары жайлы айтып өтіп, оқушыларды жаңаша ойлап, жақсы мен жаманды саралап, заман талабына сай бейімделуге, жаңа заманның тарихын қалыптастыратын қайсар да өр,білімді болуға шақырды. Шара барысында «Рухани жаңғырудың сара жолы»- атты слайд көрсетілді.