«Ана – отбасы бақытының кілті» атты кездесу кеші

15.05.2019 Выкл. Автор admin
«Ана – отбасы бақытының кілті» атты кездесу кеші

Отбасы күніне орай  15 мамыр күні  Кейден ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Ана – отбасы бақытының кілті» атты кездесу кеші өткізілді.

Кештің мақсаты: Оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсу, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу. Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.