Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз

04.06.2019 Выкл. Автор admin
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз

Әлемдегі әр елдің рәміздері – сол мемлекеттің мақтанышы болып саналады. Сол сияқты Қазақстан Республикасының рәміздері – біздің елде тұратын әр азаматтың мақтанышы болуы керек. Сондықтан өзін патриотпын деп санайтын әр адам мемлекеттік рәміздерді құрметтеп, қастерлеуі қажет. Осыған байланысты Қожакент ауылдық кітапханасы мен  ауыл әкімдігінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» мерекелік шара салтанатты түрде аталып өтілді.

Іс-шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранымен ашылып, ауыл әкімі А.Айтжанов сөз алып, жиналған жұртшылықты ҚР-ның рәміздері күнімен құттықтап, рәміздерге деген құрметтің маңызын сөз етті.
Шара барысында елдің мәртебесін арттыратын, елдік намыс пен абыройды асқақтататын патриоттық әндер шырқалып, айналаны жыр-думанға бөледі.

Мақсаты: Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.