«Тәуелсіздік символы» атты тақырыптық кеш

04.06.2019 Выкл. Автор admin
«Тәуелсіздік символы» атты тақырыптық кеш

2019 жылдың  4 маусым күні Жаңақорған аудандық балалар кітапханасы мен Шалқия ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Тау самалы» тынығу лагерінде рәміздер күніне орай  «Тәуелсіздік символы» атты тақырыптық кеш өткізілді.

Мақсаты: Рәміздердің пайда болуы және   тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту. Балаларды отансүйгіштікке баулу.

Шалқия ауылдық  кітапханасының кітапханашысы Б.Башарова шараны ашып, құттықтау сөз сөйледі. Балалар шарада рәміздеріміздің авторлары мен символдарына нақты тоқталып өтті. Патриоттық әндер айтылып, көрініс көрсетіліп, шара соңында белсенділік танытқан балаларға  алғыс хат тапсырылды.