Жарқын болашақ – өз қолыңда
18.06.20192019 жыл 18-ші маусым күні Жаңарық ауылдық кітапхананың ұйымдастыруымен №167 мектепте «Жарқын болашақ – өз қолыңда» атты тақырыпта дебат ұйымдастырылды.
Мақсаты: Қазақстанның жастары – елдің басты байлығы. Еліміздің болашағы да жастар, сондықтан оларға үлкен үміт артылып отыр. Тәуелсіздік жылдарында көп жетістікке қол жеткіздік, сондықтан да мемлекетіміздің нығая түсуіне бұрынғыдан да мол үлес қосу үшін жастарымыз белсенді болу керек екендігін және Отанын құрметтеуге, елін шексіз сүйуге, қай кезде болмасын патриот болуға тәрбиелеу.
Шара барысында Жаңарық ауылдық жастар ұйымының төрағасы Мұхаммед-Әли Махмудов ашып, жастарға деген жылы лебіздерін білдіріп, дебатты әрі қарай кезек алуына үлесін қосып отырды. Жастар кәсіпкерлікке кең жол ашылғандығы жайлы, Елбасымыздың жастарды қашанда қолдайтындығы жайлы әңгіме өрбіді, келген оқырмандарда көкейінде жүрген ойларын жетік жеткізе білді.