«Нашақорлық – ғасыр дерті» дөңгелек үстел
19.06.2019
Қожакент ауылдық кітапханасының оқу залында 19 маусым күні «Нашақорлық – ғасыр дерті» атты дөңгелек үстел өтті. Шараның мақсаты: Жастарды салауатты өмір сүре білуге тәрбиелеу, шылым шегудің, ішімдіктің, нашақорлықтың, СПИД-тің адам ағзасына зиянды әсерлерін ашып көрсету, солардың салдарынан туатын аурулар туралы жастардың білімдерін жетілдіру, олардың сана – сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір суруге азаматты жауапкершілітерін орнықтыру.
Кітапханашы «Нашақорлық – ғасыр дерті» туралы баяндама оқып, тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Шара соңында кітапханашы іс-шараға белсене қатысып, сұрақтарға дұрыс жауап беріп отырған қонақтар мен жастарға алғыс білдірді.