«Мен тұратын өлке» танымдық кеш
20.06.2019Қожакент ауылдық кітапханасының оқу залында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын іске асыруда ұлттық рухымызды дәріптеп сақтау, туған өлкеге деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында 20 маусым күні «Мен тұратын өлке» атты танымдық кеш өтті. Мақсаты: Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын іске асыруда ұлттық рухымызды дәріптеп сақтау, туған өлкеге деген сүйіспеншілікті арттыру.
Кітапханашы кітапхананың тұрақты оқырмандарына туған жерге, елге деген махаббатты баяндаса, оқырмандар ауыл жайлы, туған өлке жайлы ақындардың өлеңдерін оқыды.