«Нұр- Сұлтан» — бабалар аманаты

23.07.2019 Выкл. Автор admin
«Нұр- Сұлтан» — бабалар аманаты

Бірлік ауылдық кітапханасында 23 шілде күні оқырмандарға Алатау баурайынан Арқа төріне көшірілген бас шаһардың құрылуынан бастап, бүгінгі кешенді даму қарқынынан сыр шертер ақпараттық видеоролик көрсетілді. Шара барысында С.Қожанов атындағы N55 мектептің мұғалімі А.Əбжаппаров Нұр-Сұлтанның көрікті тарихи және мәдени орындарымен таныстырып, құнды, жаңашыл ақпараттарымен бөлісті. Нұр-Сұлтан қаласында қонақта болып келген білікті оқырманымыз Ə.Əбдібекқызы шаһардағы ең биік ғимарат «Изумрудный квартал» тұрғын үй кешені, домбыра түрінде жасалған көрермен залы, айналатын мейрамхана жайлы өзі алған əсерлері жайлы баяндап берді. Сондай-ақ келушілер қаланың тыныс-тіршілігін бейнелейтін фото суреттерді тамашалай алды.