«Діни экстремизм – 21 ғасыр дерті» дөңгелек стол

08.08.2019 Выкл. Автор admin
«Діни экстремизм – 21 ғасыр дерті»  дөңгелек стол

2019 жылдың  8 тамыз күні  Жаңақорған аудандық балалар кітапханасының  ұйымдастыруымен діни экстремизм мен терроризмге қарсы  «Діни экстремизм – 21 ғасыр дерті» атты дөңгелек стол өткізілді.

Мақсаты:   Жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу.

Шара барысында аудандағы «Құм-сахаба» мешітінің имамы Ержан Сейтжаппаров қонаққа келіп, жасөспірім балаларға дін тазалығы мен ұрпақ тазалығы жайлы айтып,  исламның шынайы келбеті мен жалған «діншілердің» ара жігін ажыратуы жайлы деректермен бөлісіп, оқушылардың сұрақтарына жауап беріп отырды.