«Тілім барда айтылар сыр ойдағы» атты танымдық сағат болып өтті

05.09.2019 Выкл. Автор admin
«Тілім барда айтылар сыр ойдағы» атты танымдық сағат болып өтті

2019 жылдың 5 қыркүйек  күні №2 кенттік кітапханада ҚР Халықтарының тілдері күніне орай «Тілім барда айтылар сыр ойдағы» атты танымдық сағат болып өтті.

Мақсаты: Тілдің қасиетін сезінуге, ана тілімізді сүюге, тілдің мәртебесін көтеруге үйрету, танымдық қабілеттерін арттыру.

Шара барысында оқушылар ақындардың  «Ана тілі», «Үйрен ана тіліңді», «Сүйемін туған тілді-анам тілін», «Ана тілі», «Үш бақытым», «Ана тілі» атты  өлеңдерін жатқа айтты. Шараға 28 оқушы қатысты.