«Тәрбие тұғыры имандықта» атты танымдық сағат
11.10.20192019 жылдың 11 қазан күні №2 Кенттік кітапхананың ұйымдастыруымен №169 орта мектептің кітапханасында, мектептің 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Тәрбие тұғыры имандықта» атты тақырыпта танымдық сағат болып өтті.
Мақсаты: Оқушыларға адамгершілік, ізеттілік, имандылық секілді құндылықтарды бойына сіңіру. «Иман» сөзінің нақты мағынасын түсіндіру. Жалпы дін туралы ұғым түсініктерін кеңейтіп, ислам діні, имандылық туралы көзқарастарын дұрыс қалыптастыру. Имандылыққа, рухани тазалыққа тәрбиелеу.
Шара барысында кітапханашы имандылық жайында сөз қозғап, оқушылар көкейінде жүрген сұрақтарға «Құм сахаба» мешітінің имамы Ержан Сейтжаппаров жауап беріп отырды. Шара соңында №169 мектептің мұғалімі С.Жанадилова кешті қорытындылады.