«Жауһар — жырлар» атты әдеби кеш

17.10.2019 Выкл. Автор admin
«Жауһар — жырлар»  атты  әдеби  кеш

17 қазан күні  Бесарық ауылдық кітапханасы мен клуб үйінің ұйымдастыруымен ақын, жазушы Сәкен  Сейфуллиннің 125 жылдығына орай «Жауһар жырлар»   атты әдеби кеш өткізілді.

Мақсаты: ақын, қоғам және мемлекет қайраткері, Сәкен  Сейфуллиннің өнерімен де өмірімен де өнеге болған ұлы тұлғаның өміржолы мен соңына қалдырып кеткен рухани бай  мұрасын оқырмандарға насихаттау

Шара барысында ақын туралы мол мағлұмат беріліп, шараның екінші бөлімінде поэма, жыр-дастандарды айтудан сайыс ұйымдастырылды. Сайыста Сәкеннің  «Көкшетау», «Бурабай», «Оқжетпес» поэмалары, «Бой жазу» өлеңі мен М.Мақатаевтың «Сәкенге» атты арнауы мен «Аққулар ұйықтағанда»  атты поэмасы және «Еңлік-Кебек», «Қобыланда батыр» атты батырлар жырынан үзінділер жатқа айтылды.