«Сәкен жырдың сарқылмас дариясы» атты жыр кеші

22.10.2019 Выкл. Автор admin
«Сәкен жырдың сарқылмас дариясы» атты жыр кеші

22  қазан  күні №2 Кенттік кітапхананың ұйымдастыруымен қазақтың белгілі жазушысы, ақын,  көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін салушыларының бірі Сәкен Сейфуллиннің 125 жыл толуына орай «Сәкен жырдың сарқылмас дариясы» атты тақырыпта жыр кеші болып өтті.

Мақсаты: Жас ұрпақты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен, Алаштың ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармаларын оқып білуге баулу, ақынның өз заманындағы саяси-қоғамдық көзқарасын таныту, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.

Шара барысында кітапханашы «Сұлу жырдың сұңқары» атты кітап көрмесіне шолу жасап, 7 сынып оқушылары «Сәкеннің монологы», «Көкшетау», «Ақсақ киік», «Сыр сандық» атты өлеңдерін оқып,  «Туған жер» әнін орындады.