«Газет – өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі» атты газет тілшілерімен кездесу кеш
24.10.2019Сыр өңірінің айнасына айналған «Сыр бойы» газетінің 90 жылдық мерейтойына орай 24 қазан күні аудандық орталық кітапханасында «Сыр бойы» газетінің бас редакторы Қуат Шарабидинов, «Кызылординские вести» газетінің бас редакторы Қазыбек Ботаев, «Сыр бойы» газетінің Жаңақорған, Шиелі аудандарындағы меншікті тілшісі Нұрмахан Елтай, «Кызылординские вести» газетінің Жаңақорған, Шиелі аудандарындағы меншікті тілшісі Мақсұт Ибраев, «Сыр бойы» газетінің аға тілшісі Ыдырыс Тәжіұлы, «Сыр бойы» газетінің аға тілшілері ел зиялыларымен және жас оқырмандарымен кездесу өтті.
Шараға модераторлық еткен аудандық «Жаңақорған тынысы» газетінің редакторы Нұрлат Байкенже, тілшілері Баян Алаудинқызы, Ерубай Қалдыбек, «Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы» Ізатулла Нарзілдаев газет қай уақытта болса да өз заманының шежiресi әрi күнделiгi болып келетiнi жайлы, сонымен қатар, оны қоғамның өте ықпалды қозғаушы күшi, белгiлi бiр бағытта ой-сана қалыптастырушысы, сараптаушысы екенін айтып өтіп, ой-пікірлерін ортаға салды. «Сыр бойы» газетінің бас редакторы Қуат Шарабидинов пен «Кызылординские вести» газетінің бас редакторы Қазыбек Ботаев басылымдардың өткені мен бүгіні жөнінде ой өрбітті. Газет оқырмандары атынан сөз алған ағамыз Серік Мұсабай және орталық кітапхананың директоры Әсем Тілеубергенова туған жер басылымның туын жықпауда жан тазалығын тірек етіп, қасиетті қаламға адалдығынан танбаған жазарман ағайынға алғаусыз тілектерін жеткізді. Шарада Д.Шахарбаева «Адай» күйін нақышына келтіріп орындаса, Мәди Муза «Сәби Ана», Сейітхан Патима «Сәкенге» атты өлеңін оқыды. Шара соңыңда қонақтарымыз кітапхана ұжымына алғысын білдіріп, кітапхананың қолтаңба кітабына өз қолтаңбаларын қалдырды