«Теңіздей тебіренген тұлға» танымдық сағат

23.10.2019 Выкл. Автор admin
«Теңіздей тебіренген тұлға» танымдық сағат

Бесарық бекеті ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен қазан айының 23-ші жұлдызында №247 жалпы орта мектеп оқушыларының қатысуымен Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нүрпейісовтің туғанына 95 жыл толуына орай «Теңіздей тебіренген тұлға» атты танымдық сағаты өткізілді.

Мақсаты: Оқушыларға жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы мол мағұлмат беру.

Шарада кітапханашы жазушының өмір жолы, шығармашылығы, марапаттары жайлы таныстырса, оқушылар тұңғыш шығармасы «Курляндия»,   «Қан мен тер»,  «Сең», «Ақ бидай туралы аңыз» атты кітаптары жайлы  өз ой-пікірлерін ортаға салды.