«Ұмытылмас ұлы есім» атты әдеби кеш

17.10.2019 Выкл. Автор admin
«Ұмытылмас ұлы есім» атты  әдеби кеш

17 қазан күні Кейден ауылдық кітапханасында жазушы, ақын С.Сейфуллиннің шығармашылығына арналған «Ұмытылмас ұлы есім» атты тақырыпта әдеби кеш болып өтті.

Мақсаты: Өмірі мен шығармаларын оқып білуге баулу, ақынның өз заманындағы саяси-қоғамдық көзқарасын таныту, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.

Шара барысында кітапханашы жазушының шығармашылығымен таныстырып, мектеп оқушылары  ақынның «Қарлы аязда», «Жазғытұр», «Сұлу терек», «Ақсақ киік», «Кенесары үңгірі» «Жыл басы», «Наурыз», «Күз», «Жайлауға көшу» атты өлеңдерін оқыды.