«Шарлаған сазды әнің» әдеби сазды кеш

11.11.2019 Выкл. Автор admin
«Шарлаған сазды әнің» әдеби сазды кеш

2019 жылдың 11 қараша күні №2 Кенттік кітапхананың ұйымдастыруымен әнші, сазгер Бексұлтан Байкенжеевтің 70 жылдығына орай №56 орта мектептің кітапханасында «Шарлаған сазды әнің» атты әдеби сазды кеш болып өтті.

Мақсаты: Оқушыларға өнер саңлағы Бексұлтан Байкенжеевтің өмір жолымен таныстыра отырып, сазгердің өнерін насихаттау.

Шара барысында кітапханашы композитордың өмір жолымен таныстырып, оқушылар Бексұлтан Байкенжеевтің «Сырдария», «Ақбаян» әндерін орындаса, хормен «Гүлденген Жаңақорғанды» нақышына келтіріп орындады.