«Ауылды əн боп тербеп ең» əдеби-саз кеші

07.11.2019 Выкл. Автор admin
«Ауылды əн боп тербеп ең» əдеби-саз кеші

7 қараша күні Бірлік ауылдық кітапханасында Сыр өңірінің тума таланты, белгілі композитор Бексұлтан Байкенжеевтің туылғанына 70 жыл толуына орай «Ауылды əн боп тербеп ең» атты əдеби-саз кеші өткізілді.

Мақсаты: Өнер саңлағы Бексұлтан Байкенжеевтің шығармашылығы мен өмір жолын таныстыра отырып, өнерін насихаттау.

Шара барысында сазгердің ел арасында кеңінен танымал болған «Ақбаян», «Әйел күннің шуағынан жаралған», «Гүлденген Жаңақорған» атты әндері шырқалып, ақын А.Сопыбековтың «Ақбаян» поэмасынан 10 сынып оқушылары үзінді оқыды. Сондай-ақ, сазгер-əншінің өмір жолы мен шығармашылығы жайлы слайд арқылы мəліметтер беріліп, бейнероликтер көрсетілді.