Әсем ән- көңіл ажары

07.11.2019 Выкл. Автор admin
Әсем ән- көңіл ажары

Қожакент ауылдық кітапханасының оқу залында  7 қараша   күні «Әсем ән- көңіл ажары » атты  республикаға еңбегі сіңген мәдениет қызметкері, композитор, әнші Бексұлтан Байкенжеевтің 70 жылдығына арналған кітап көрмесін  шолу жасалды және клуб сахнасында « Сағынып жүрші»  атты еске алу кеші өтті. Кеш барысында  И.Әбдікәрімов атындағы №168 жалпы орта мектебінің  жоғары оқушылары А.Сопыбековтың «Бексұлтанның сұлу әндері-ай!» атты өлеңін оқып, Б.Байкенжеевтің  «Ақбаян», «Ақгүлім», «Жаңақорған», «Сағынып жүрші» атты әндерін шырқады.