«Жаңа кітап- жаңа сыр» кітап көрмесі

15.11.2019 Выкл. Автор admin
«Жаңа кітап- жаңа сыр» кітап көрмесі

Бірлік ауылдық кітапханасы 15 қараша күні  жаңадан түскен кітаптарды насихаттау мақсатында «Жаңа кітап- жаңа сыр» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Мақсаты: жаңа əдебиеттермен таныстыру, насихаттау, кітап оқу мəдениетіне тəрбиелеу.

Көрмеге түрлі саланы қамтитын 43 дана кітап қойылып, слайд арқылы А.Тойбайдың «Даланың дана арулары, М.Сəрсекенің «Семей қасіреті», И. Сəукетаевтың «Желқайық», ежелгі Шығыстың ғажайып туындысы М.Қайыңбаевтың «Гильгамеш туралы дастан», Ш.Байділдиннің «Оюмен ой айтқан елміз», т.б кітаптарға библиографиялық шолу жасалды. «Білімнің қайнар көзі», «Сырға толы ғажайып əлем» атты тақырыптардан құралған көрмеге тарихи жəне көркем əдеби кітаптар, балаларды адамгершілікке, Отансүйгіштікке баулитын əңгімелер, өлең-тақпақтар, танымдық əдебиеттер қойылды.