«Діни экстремизм – әлемге төнген қауіп» діни танымдық кеш

15.11.2019 Выкл. Автор admin
«Діни экстремизм – әлемге төнген қауіп» діни танымдық кеш

2019 жылдың 15 қараша күні Төменарық ауылдық  кітапханасының ұйымдастыруымен «Діни экстремизм – әлемге төнген қауіп» атты діни танымдық кеші болып өтті.

Шараның  мақсаты оқушыларға экстремизм, терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру. Жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу. Жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін түсіндіру

Шараны кітапханашы Н.Есіркепова жүргізіп, «Ислам діні – парасаттылық пен имандылық негізі» атты кітап көрмесімен таныстырып, бүгінгі күні өзекті болып отырған діни экстремизм мен терроризм жайлы баяндаса, оқушылар өз ойларын ортаға салды. Шараға қатысушы клуб үйінің мәдени ұйымдастырушысы Б.Сәрсенбаев экстермизмнің пайда болуы жайлы оқушыларға түсіндіріп өтті.