«Ұлт көшбасшысы, сарабдал саясаткер» кітап көрмесі
29.11.20192019 жылдың 29 қараша күні Жаңақорған аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай М.Көкенов атындағы мәдениет үйінің фоесінде «Ұлт көшбасшысы, сарабдал саясаткер» атты көркем-суретті кітап көрмесі жасақталды. Мақсаты: Қазақ халқының түңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері жайлы мағлұмат беру; Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанын, халқын сүюге, ержүректікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Тұңғыш Президент күнінің мән-мағынасы өте терең. Өйткені бұл елдің егемендік алғаннан бері Елбасының еңбегіне арналған мереке. Кітап көрмесінде Елбасына қатысты, іс-қимылдарына, белсенділігіне арналған кітаптарымен қатар Өмірәлі Жалаиридің «Елбасы біреу ел тіреу» атты кітабы, Сұлтанов Қуаныштың «Елбасы және Қазақ мемлекеті» атты еңбегі, М.Б. Қасымбековтың «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты очеркі көрмеге қойылды. Сонымен қатар Елбасымыздың қаламынан туындаған «Халыққа арнау», «Кемеңгер», «Көші-қон және қазақ әлемі», «Бейбітшілік және қоғамдық келісім идеясы», тағы басқа да Елбасының Тәуелсіздік алғаннан бері басқа елдерге барған сапарынан, қазақстандағы іс-шаруасы туралы еңбектері көпшілік назарына ұсынылды.