«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» виртуалды кітап көрмесі

27.11.2019 Выкл. Автор admin
«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» виртуалды кітап көрмесі

2019 жылы 27 қараша күні Бірлік ауылдық кітапханасы С.Қожанов атындағы №55 жалпы орта мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Әләйдаровпен бірлесіп Тұңғыш Президент күніне орай «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты кең көлемде виртуалды кітап көрмесін ұйымдастырды. Шараның мақсаты – Елбасының дара жолынан үлгі ала отырып, жас ұрпақты Отанын, халқын сүюге, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Шара барысында А.Әләйдаров шараны ашып, Елбасының металлургтен, қоғамдық және саяси қайраткерге, саяси көшбасшы, тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президентіне дейінгі салған сара жолын, тұлғалық тұғыры жайлы толық мағлұматтар берді.
Кітапханашы К.Сұлтанбаева кітап көрмесіне шолу жасап, Елбасының өмірбаяны, балалық кездері, нақыл сөздері, қызметтегі жолы, еңбектері, кітаптары және Елбасы жайлы естелік, очерк пен өлеңдер жинақтары таныстырылды. Н.Ә. Назарбаевқа арналған «Тұңғыш Президент» бейнебаяны көрсетіліп, кітапхана оқырмандары Елбасы жайында сұрақтарға жауап беріп, Елбасы құрметіне арналған жырлар тыңдалып, Н.Назарбаевтың «Өзекжарды ойлар», «Ой бөлістім халқыммен» кітабынан көркемсөздер оқылды. Арнайы дайындалған слайд көрсетілді.. Аталмыш көрме 3 бөлімді қамтыды. «Н.Назарбаев: дәуір, қоғам, тұлға», «Ел сенімін ақтаған Елбасы», «Елбасы және Тәуелсіздік» атты үш бөлімнен тұратын көрмеде Н. Ә. Назарбаев туралы 80-нен астам басылым, Елбасының өзге елдердің басшыларымен кездесулері барысындағы тарихи сәттерді бейнелейтін архивтік фотосуреттері ұсынылды.