«Елбасы – елдің тірегі» тарихи кеш

29.11.2019 Выкл. Автор admin
«Елбасы – елдің тірегі»  тарихи кеш

2019 жыл 29 қараша күні №1 кенттік кітапхананың ұйымдастыруымен Қазақстан Тұңғыш Президент күніне орай  «Арман» кенттік мәдениет үйінде «Елбасы – елдің тірегі» атты тарихи кеш  болып өтті.  Мақсаты: Елбасының өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Шараға №125 мектептің оқушылары жырдан шашу шашып, «Арман» мәдениет үйінің қызметкерлері күй тартып, патриоттық әндер орындады. Кітапханашы «Елбасы – елдің тірегі»  атты кітап көрмесімен таныстырып, шолу жасап өтті.