«Имандылық – тәрбие негізі»
15.01.2020Бесарық бекеті ауылдық кітапханасында 15 қаңтар күні имандылықты насихаттау мақсатында «Имандылық – тәрбие негізі» атты өнеге сағаты ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушыларға адамгершілік, ізеттілік, имандылық секілді құндылықтарды бойына сіңіру. Дүниетанымдарын молайтып, ойлау қабілеттерін шыңдау, өз пікірін жеткізе білуге үйрету. Иманды ұл, инабатты қыз болуға, ұлтжандылыққа тәрбиелеуШара «Имандылық – адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі», «Хадистер, Мұхамед Пайғамбардың даналық сөздері», «Адамның сөзі – ақылының таразысы», «Жаман әдет жақсы ат әпермейді» атты кезеңдерден тұрды. Оқушылар шарада сұрақ-жауапқа өте белсенді қатысты және мақал-мәтелдер айтып жарысты. Оқушыларға имандылық туралы жан-жақты мағұлматтар берілді.