«Рухани жаңғыру – заман көшіне ілесу» атты слайд-шоу

17.01.2020 Выкл. Автор admin
«Рухани жаңғыру – заман көшіне ілесу» атты слайд-шоу

2020 жылдың 17 қаңтар күні  Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Бірлік ауылдық кітапханасының оқу залында «Рухани жаңғыру – заман көшіне ілесу» атты слайд-шоу ұйымдастырылып, келуші оқырман қауымға ұсынылды. Шараның басты мақсаты:  Өскелең ұрпақтың бойына елжандылық, ұлтжандылық қасиеттерін сіңіру.

Шара барысында “Рухани жаңғыру” бағдарламасының негізгі басымдықтары, 6 арнайы жоба, “Туған жер” арнайы жобасының 4 кіші бағдарламасы жайлы толық ақпараттар берілді. Мақсатқа жету үшін санамыз жаңғырып отыруы тиіс екені, бәсекелік қабілетті арттырғанда ғана табысқа жетуге мүмкіндік  алатыны жайлы кеңірек айтылды.