«Әл-Фараби шығыстың ғұлама ғалымы» және «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» атты кітап көрмелері

20.01.2020 Выкл. Автор admin
«Әл-Фараби шығыстың ғұлама ғалымы» және «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» атты  кітап көрмелері

Жаңақорған аудандық орталық кітапханада  «Аристотельден кейінгі екінші ұстаз» атанған математик, астролог, музыка теоретигі Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай «Әл-Фараби шығыстың ғұлама ғалымы» атты кітап көрмесі және қазақтың ұлы ақыны, кемеңгер ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай  «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» атты  кітап көрмелерімен кітапханашы М.Жиенбаева  оқырмандарға таныстырды.

Мақсаты әлемдік ғылымның даму тарихында өзіндік бағасын алып, адамзаттың табиғат пен заңдылықтарын тануға зор ықпалын тигізген  Әбу Насыр Әл-Фарабидің рухани-зиятты мұрасын оқырманға таныстыру және кемеңгер Абайдың өмір жолы мен шығармаларына арналған ғалым-жазушыларымыздың зерттеулері мен еңбектерімен таныстыру, өлеңдері мен қарасөздерін, хикметтерін, жалпы ақынның құнды мұрасын оқырмандарға насихаттау. Көрме жыл бойына кітапханаға келушілерге қызмет көрсетеді.