«Жаңа -2020 жыл қош келдің!» кездесу кеші

06.01.2020 Выкл. Автор admin
«Жаңа -2020 жыл қош келдің!» кездесу кеші

Жаңақорған аудандық балалар кітапханасында 2020 жылдың  6 қаңтар күні  «Әжем айтқан ертегі» жобасы аясында «Жаңа – 2020 жыл қош келдің!» атты кездесу кеші өткізілді. Шараның мақсаты: Бүлдіршіндерді кітапқа баулу, ертегі арқылы ой-өрісін дамыту, баланы интернеттен ажырату.

Кітапхана меңгерушісі М.Айымбетова шараны ашып, ертекші әжелерге сөз берді. Әжелер кітапхана қызметкерлеріне алғыстарын айтып, алдағы уақытта бірге жұмыс жасауға уәде берді. Шарада Аяз атаның қатысуымен балақайлар ертегі, тақпақтар айтса, үздік оқырман балалар ән мен биден шашу шашты. 2019 жылы «Әжем айтқан ертегі» жобасы аясында белсенділік танытқан Нұр-Дамир, Нұрай-Қыдыр, Ай-Ханым, Балнұр атты балабақшалар ұжымы мен аудандық балалармен мәдени-тәрбие орталығының мұғалімі Ф.Маханова  аудандық кітапхана директоры Ә.Тілеубергенованың алғыс хатымен марапатталды.