«Қазақ даласынан шыққан әл — Фараби» тарихи кеш
21.01.202021 қаңтар күні Төменарық ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен әлемге әйгілі ойшыл Әбу Насыр Әл – Фарабидің 1150 жылдығына орай «Қазақ даласынан шыққан Әл — Фараби» атты тарихи кеш болып өтті.
Шараның мақсаты: Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби өмірі мен шығармашлығы туралы білімдерін кеңейту, шығармашылығының мазмұны мен идеясын ашу, оқушылардың өз ой пікірлерін, көзқарастарын жүйелі жеткізу дағдыларын қалыптастыру.
Кешті кітапханашы Ж.Дауренбекова «Әл-Фараби – өмір жолы» атты слайд арқылы ашып, Әл-Фараби – көрнекті ойшыл, өзінің замандастарының арасындағы ең ірі ғалым, философ және шығыс аристотелизмнің ең ірі өкілі. Өзінің білімділігі мен сауаттылығының арқасында «Екінші Ұстаз» атауына ие болды. Осы орайда оқушылар Әл-Фарабидің «Қашықтасың туған жер», «Бауырым қанша сүйгенмен», «Адамның қадамы», «Ғалым сыры», «Арман», «Бір хат», «Көзімде жас» атты өлеңдерін оқыса. «Музыка туралы үлкен трактат» атты шығармасынан үзінді оқып, Фарабидің нақыл сөздерімен жалғастырды. Шара соңында кітапханашы Ж.Дауренбекова «Әл-Фараби біздің бәйтерегіміз» атты кітап көрмесімен оқуышларды таныстырды.