«Ұлы даланың жеті қыры-жеті Алаштың тарихы» кітап көрмесі

24.01.2020 Выкл. Автор admin
«Ұлы даланың жеті қыры-жеті Алаштың тарихы» кітап көрмесі

24 қаңтар күні Бірлік ауылдық кітапханасы Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласына орай, өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптеу, еліміздің терең тарихы мен мәдениетін кеңінен насихаттау арқылы  қоғамдық санада сол ұлы мұрамызды, ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту   мақсатында  «Ұлы даланың жеті қыры-жеті Алаштың тарихы» атты кітап көрмесін пайдаланушылар назарына ұсынды. Көрмеге мақалада айтылған барлық тарихи бағыттар бойынша әдебиеттер топтастырылған. Кітап сүйер қауым өздерін қызықтырған атқа міну мәдениеті, ұлы даладағы ежелгі металлургия, аң стилінің дамуы, алтын адам, түркі әлемінің бесігі секілді тақырыптарды кеңінен тануға мүмкіндік алып, өзара пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ көрмедегі «Ұлы даланың дара тұлғалары» сериясымен жарық көрген кітаптар  оқушылардың қызығушылығын тудырды. Шара соңында аталмыш тақырыпта слайд көрсетілді.