«Мәңгілік ел» кітап көрмесі

23.01.2020 Выкл. Автор admin
«Мәңгілік ел» кітап көрмесі

Қожакент ауылдық кітапханасында 23 қаңтар күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының жүзеге асыру мақсатында  «Мәңгілік ел» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге қойылған басылымдар бүгінгі күні еліміздің экономикасы, өнері, мәдениеті, ғылымы, өнеркәсібі салаларының дамуының әрбір сәтті қадамдары, Қазақстанды шаңырағы мықты, қабырғасы берік, көпұлтты, татулығы ұйыған, берекелі, іргелі – «Мәңгілік Ел» ретінде әлемге танытып отырғаны туралы ақпарат береді. Көрмеге жалпы 14  кітап, баспасөз басылымдары  қойылды.

Көрменің басты мақсаты: Ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау, Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың кемел саясаты мен ерен еңбегі арқасында еліміздің жеткен жетістіктері мен рухани игі өзгерістер белесін көпшілікке таныту.