«Әдебиет пен тарих телқоңыры» фото-көрме

03.02.2020 Выкл. Автор admin
«Әдебиет пен тарих телқоңыры» фото-көрме

Қожакент ауылдық кітапханасында 3 ақпан күні  Қазақстанның халық жазушысы, әдебиеттанушы, қазақ фольклорлық мұрасын зерттеуші Мұхтар Мұқанұлы Мағауинның 80 жылдығына арналған кітап және фото  көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде   кітапхана қорынан жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар, оның еңбектері мен мерзімді басылым беттерінде жарияланған  мақалалар және фотолар  ұсынылды.

Көрменің мақсаты: Қазақстанның халық жазушысы, әдебиеттанушы, қазақ фольклорлық мұрасын зерттеуші Мұхтар Мұқанұлы Мағауинның өмірбаяны мен шығармаларын оқырмандарға таныстыру.