«Латын әліпбиі – тіліміз үшін жасалған игі қадам»
20.02.2020Түгіскен ауылдық кітапханасында 2020 жылдың 20 ақпан күні «Латын әліпбиі – тіліміз үшін жасалған игі қадам» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: Көпшілікке латын әліпбиі туралы дерек көздерді келтіре отырып, қазақ қоғамына, халқына латын әліпбиінің маңыздылығын түсіндіру және насихаттау.
Тәуелсіз Қазақстан үшін ұлттық жаңғыруда әліпбиді өзгерту болашаққа жасалған нық қадамдардың бірі. Ол сонымен қатар әлемнің технологияда үздік дамыған елдері және туысқан түркі халықтарымен етене араласуына мол мүмкіндік береді. XXI ғасырда латын тілі-технология, ақпарат, коммуникация тіліне айналып отыр. Бұл латын тілінің экономикалық тиімділігін айқындайды. Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халқаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Елбасымыз 2025 жылдан бастап, латын әліпбиін қолданысқа енгізу керектігін айтты. Біз болашақта «Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыруды жалғастыра береміз. Қазақ алфавитін 2025 жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпараттық тіліне айналдырады» деген болатын. Латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, өсіп-өркендеуіне үлкен үлес қосып, жемісін береді деген сенімдеміз. Кітапханашы А.Көшербаев «Латын әліпбиі – заман талабы» атты көрмемен таныстырып, латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы жайлы түсіндірді. Көрмеге мерзімді басылымдардағы мәліметтер қойылды.