«Рухани жаңғыру — жастарға жарқын жол»

22.01.2020 Выкл. Автор admin
«Рухани жаңғыру — жастарға жарқын жол»

Көктөбе  ауылдық  кітапханасында    22  қаңтар  күні  «Рухани жаңғыру-жастарға жарқын жол» тақырыбында патриоттық кеш өткізілді. Шараға ауыл жастарымен мектеп оқушылары қатысты. Мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту; Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.
Кітапханашы оқушыларға отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпы адамзаттық құндылықтар арқылы таным белсенділіктерін арттыру жайлы деректер беріп өтті. Тақырыпқа сай мақал-мәтелдер мен өлеңдер айтылып, сұрақтарға жауап берілді. Кеш соңы «Мен қазақпын» әнімен аяқталды.