«Абай – дана ғұламасы елімнің»
21.02.202021 ақпан күні Кейден ауылдық кітапханасында Ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай – дана ғұламасы елімнің» атты поэзия кеші өтті. Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл – мұраларын насихаттап өлеңдерін, қара сөздерін мәнерлеп оқу, көркем сөйлеуге, шығармашылық пен жұмыс істеуге насихаттау.
Шараға №208 жалпы орта мектептің мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Шара барысында оқушылар «Ғылым таппай мақтанба», «Сәулең болмаса кеудемде», «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Қараша желтоқсанмен сол бір екі ай» атты өлеңдерін оқып, кітапханашы «Абай мұрасы – халық ұлағаты» атты кітап көрмесімен таныстырыл оқырмандарға үлкен алғысын білдіріп, кешті қортындылады.