«Соғыс жайлы кітап оқимыз»
30.04.20202020 жылдың 30 сәуір күні Бірлік ауылдық кітапханасы Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Соғыс жайлы кітап оқимыз» айдарымен «Қасым Аманжоловтың «Абдолла» поэмасын оқырман назарына онлайн оқуға ұсынды. Мақсаты: Қасым Аманжолов өмірінен мәлімет бере отырып, оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, асыл қасиеттерге тәрбиелеу; Батырдың мінезінен абаттану, ерліктен, қайсарлықтан үлгі алуға баулу. Қасым Аманжолов ешкімге ұқсамайтын ақындық шабытымен, жалынды да дауылды поэзиясы жайлы мағлұмат берілді. Поэманың негізгі кейіпкері Абдолла Жұмағалиев –соғыс даласында қаһармандықпен қаза тапқан қазақ ақыны. Поэманың өн бойынан байқағанымыздай Абдолланың бойында босандық емес, шымырлық, өкіну емес, өзін-өзі қайрау, сол арқылы майдандастарын қайрау бар. Адам ерлік жасау үшін ең алдымен өзі жүрек батыры болу керек. Ар не, намыс не, абырой не бақыт не, бейшаралық не?-осының бәрін терең сезінген адам ғана қаһармандық ерлікке барады. Поэмадан сұрапыл соғыстың суретін және сұм жендеттердін қанқұйлы әрекетіне сипаттама беретін және Абдолланың көзсіз ерлігін көрсететін өлең жолдарынан үзінділер оқылды.