«Туған өлкем — Түгіскенім»

09.07.2020 Выкл. Автор admin
«Туған өлкем — Түгіскенім»

«Туған жер» деген кезде әрбір азаматтың, әрбір адамның жүрегінде тулаған шабыт пен сезім ұялайтыны анық. Себебі адам өзінің туған жерінің төлі. Сол даланың, сол жердің, сол мекеннің меншігі. Туған жерге деген сезім мен махаббаттың өлшемі шектеулі болмайды. Ол шексіз. Осы бір ерекше шексіз патриоттық сезімді әрбір азамат пен жастардың бойына етене сіңіріп, қандарына дарыту үшін, сөздің ұғымын кең мағынасында түсіну үшін, Түгіскен ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 9 шілде күні «Туған өлкем — Түгіскенім» атты бейнероликті онлайн форматта әлеуметтік желіге ұсынылды. Мақсаты: Туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, туған жердің әр адам үшін қастерлі де қасиетті ұғым екенін ұғындыру. Отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу. Туған жерге деген ыстық ықыластарын қалыптастырып, елін, жерін құрметтей алатын білімді азамат болуға  тәрбиелеу.