«Домбыра – қазақ халқының көнекөз шежіресі»

03.07.2020 Выкл. Автор admin
«Домбыра – қазақ халқының көнекөз шежіресі»

Түгіскен ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 3 шілде күні Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра – қазақ халқының көнекөз шежіресі» атты онлайн бейнеролик жасалды.

Мақсаты: Жастардың ой ұшқырлығын шыңдап, ата-бабадан кәсіп болған дәстүрлі домбыраға қызығушылық сезімін оятып және өнер арқылы білімге терең бойлауға мүмкіндік тудыру, киесі сақталған домбыраның негізінде мәлімет беру. Атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақталып қазынаға айналған ұлттық қасиетті домбырамызды қастерлеу.