«Абай әндері – ғасырлар үні»

12.08.2020 Выкл. Автор admin
«Абай әндері – ғасырлар үні»

Бірлік ауылдық кітапханасы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай 12 тамыз күні «Абай сөзі – жүрегіме жағар шам» атты Абай өлеңдерін жатқа айту эстафетасы мен «Абай әндері – ғасырлар үні» атты Абай әндерін онлайн орындау эстафетасын ұйымдастырды.

Мақсаты: Халқымыздың дана ақыны, ғұлама ойшылы, сазгер Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен әндерінің таралуын насихаттау, бүгінгі ұрпақтарының Абай мұрасына қызығушылығын арттыру, оқып – білуге, тани түсуге ынталандыру, мейірімді, адал болуға, адамгершілікке, жаман әдептерден бойларын алыс ұстауға тәрбиелеу.