«20-30 жылдардағы қазақстан қасіреті»
21.05.2020
Саяси құғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай 21 мамыр күні Қожакент ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Қожакент ауылының тұрғыны Бұрханов Мұхтардың «Халық жауы» атанып, кейін 1958 жылы ақталған әкесі Бұрханов Сейтқасым жайлы видео-сұхбатты және «20-30 жылдардағы қазақстан қасіреті» атты онлайн кітап көрмесі және сол уақыттағы оқиғаларды суреттеген қазақтың біртуар азаматтарының шығармалары әлеуметтік желіде насихатталды.
Мақсаты: Кеңес Одағы кезіндегі Қазақстанда салынған еңбекпен түзеу лагерьлерінің тарихына шолу жасау,отаншылдық сезімін арттыра отырып, қиындыққа төзе біліп, болашаққа деген сенімдерін жоғалтпауға тәрбиелеу.