«Алтын Орда – Қазақ хандығының бабасы»
28.09.20202020 жылдың 28 қыркүйек күні №1 кенттік кітапхана мен №169 жалпы орта мектеп кітапханашысы Бектұрова Мадинаның ұйымдастыруымен Алтын Орданың 750 жылдығына орай «Алтын Орда – Қазақ хандығының бабасы» атты тақырыптық кеш өткізілді.
Кештің мақсаты: Алтын Орданың қоғамдық құрлысы жайлы оқырманға жан жақты мағлұмат беру, тарихымыздың шындығын білуге ықыласын арттыру, ұлтжандылыққа, қайсарлыққа баулу. Кеш барысында ХІІІ-ХV ғғ көрінісі болған Алтын Орданың – Еуразия аумағындағы Түрік қағанатынан кейін құрылғанынан бастап, сол замандағы өзінің территориясындағы көптеген халықтардың этникалық, саяси тарихы, Жошы ұлдары Бату хан негізін қалап, Берке хан іргесін бекіткен Алтын Орда Мөңке Темірдің билігі тұсында 1269 жылы Талас өзенінің бойында шақырылған Шыңғыс ұрпақтарының құрылтайында бір-бірімен татулықты сақтай отырып, өз ұлыстарында тәуелсіз саясат жүргізуге өзара мәміле жасасып, өз алдына дербес империя екенін толық мойындатуға қол жеткізгендігі жайлы толық ақпарат беріліп, кітап көрмесімен таныстырылып өтті.
Көрмеге «Алтын Орда мұрагері», «Алтын Орда хандығы,» «Ұлы қағанат», «Алтын Орда» және тағы басқа өскелең ұрпаққа ата-бабамыздан мұра болып қалған ұлы даламызда орын алған тарихи оқиғалар мен Қазақ даласында алып империя Алтын Орда мемлекетінің құрылуын, дамуын, орда билеушілері жайында, Ұлытау жерін сипаттайтын және де күйреуін баяндайтын 13 кітап және дәйексөздер мен суреттер, мен тарихи әдебиеттер қойылды.