«Рухани жаңғыру-Мəңгілік Ел болудың кепілі»

14.01.2021 Выкл. Автор admin
«Рухани жаңғыру-Мəңгілік Ел болудың кепілі»

14.01.2021 жылы  Бірлік ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Елбасының бағдарламалық мақаласы аясында кітапханада  «Рухани жаңғыру-Мəңгілік Ел болудың кепілі»-атты ақпараттық сағат өтті. Мақсаты: Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, Отанды сүюге, құрметтеуге, өз елін, тегін, тарихын білуге тəрбиелеу; өз қабілеттерін танытуға , өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік беру, бәсекелік қабілетін арттыру.

Кітапханашы К.Сұлтанбаева еліміздің саяси өміріне тың серпін берген Елбасы бағдарламалық мақаласының мəнін түсіндіріп, бағдарламаның түп негізі — Елбасы ұсынған 6 жоба — қоғамның алға дамуының негізгі күштері екенін атап өтті. «Рухани жаңғыру – ұлттық рухтың жаңғыруы» атты слайд көрсетіле отырып таныстырылды.

Шара барысында тұрақты оқырманымыз, «Бірлік» — халық театрының режиссері Н.Қыпшақбаева «Латын әліпбиіне көшу», «100 жаңа оқулық», «100 жаңа есім», «Туған жер» жəне тағы сол сияқты бағдарламалық мақаланың негізгі бағыттары туралы айтып берді. Шараға қатысушылар Елбасының бағдарламалық мақаласы бойынша көзқарастарын білдіріп, өз ойларын ортаға салды.