«Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс – қимыл кезеңі»

15.01.2021 Выкл. Автор admin
«Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс – қимыл кезеңі»

Түгіскен ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 15 қаңтар күні ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Жолдауына орай «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс – қимыл кезеңі» тақырыбында кітап көрмесі жасалды. Мақсаты: Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын көпшілікке түсіндіру, оқырмандарға кеңінен насихаттау.

Мемлекет басшысы жолдауда елімізге, жер-жаһанға қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес әлі де жалғасатынын және осындай сын сағатта ынтымағы жарасқан халыққа, дәрігерлерге, әскери қызметшілерге, еріктілерге, кәсіпкерлерге алғысын білдірді. Жолдауда ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев ұлтымыз үшін қажетті 6 қағидатты нақтылады. Біріншіден, ХХІ ғасырдың ұрпағы терең білімді, екіншіден жас буынды ерінбей еңбек етуге бейімдеу, 3-ші  кез келген істі кәсіби арқылы жүзеге асыруға, 4-ші темірдей тәртіп және жоғары жауапкершілік баршамыздың бойымызда болу керек. 5-ден әділдік, 6-дан бізге адалдық, ұқыптылық, тиянақтылық деп атап өтті.

Шара барысында кітапханашы кітап көрмесімен таныстырып, негізгі алты қағидатқа тоқталып өтті. Сондай-ақ Жолдауда мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі, экономикалық даму, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты, қолжетімді әрі сапалы білім, денсаулық саласын дамыту, экологиялық даму мәселелері қамтылған. Бірқатар тақырыптар талқыланып, пікірлер айтылды. Мәдениет саласы қызметкерлері мен ауыл жастары жолдауды бірауыздан қолдайтындарын айтып өтті. Көрмеге Қ.Тоқаевтың бес томдық кітаптары мен баспасөзге шыққан мақалалары және т.б. материалдар қойылды.