«Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс- қимыл кезеңі» атты кітап көрмесі.

13.01.2021 Выкл. Автор admin
«Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс- қимыл кезеңі» атты кітап көрмесі.

Бесарық бекеті ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен қаңтар айының 13-ші жұлдызында  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттау мақсатында «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс- қимыл кезеңі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Кітап көрмесінде кітапханашы Г.Касымбекова оқырмандарға Жолдаудағы айтылған, қазіргі таңдағы болып жатқан күрделі жағдайда алдымызда тұрған басты міндет- әлеуметтік экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалу екендігін, ауылдарындағы мектептердегі білім беруді жетілдіру, жоғары оқу орындары жұмысының сапасын және ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыру мәселесі, сонымен қатар Жолдаудағы 6 қағидатты нақтылап оқырмандарға айтты.