«Тәуелсіздік бәрінен қымбат»

11.01.2021 Выкл. Автор admin
«Тәуелсіздік бәрінен қымбат»

2021 жылдың 11 қаңтарда тәуелсіздік күніне орай Жаңақорған аудандық орталық кітапханасында «Жаңақорған тынысы» газетінің бас редакторының орынбасары Б.Үсейнова, аудан әкімінің аппаратының ұйымдастыру және бақылау бөлімінің инспекторы Ж.Ерсұлтан және аудан кітапханашыларының қатысуымен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «Тәуелсіздік бәрінен қымбат»  атты мақаласын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізілді.

Шараны аудандық кітапхананың директоры А.Тилеубергенова ашып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақала «Бағдар мен белес», «Таным мен тағылым», «Қоғам мен құндылық», «Ұлағат пен ұстаным» атты бөлімдері ұжым арасында насихатталды. Жиын барысында қызметкерлердің ой-пікірлері тыңдалып, мақалада қамтылған міндеттерге бағытталатындығы айтылды.